Меню KDT


Новости
 

Жолда жүру ережесі күні

«Күн шуағы» мектеп аумағындағы 7 маусымда жолда жүру ережелеріне арналған іс-шара өтті. Балалардың жол қозғалысы ережелерін білуге және сақтауға саналы қажеттілігін тәрбиелеу, жолда сақтыққа тәрбиелеу, зейін мен жинақылыққа тәрбиелеу мақсатында балалар «Менің мектебімнің айналасы» танымдық экскурсиясына барды. Тәжірибеде мұғалімдермен бірге жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін бекітті. Балалар автокөлік қауіпті екенін , бірақ егер барлық ережелер сақталса, ол сенімді дос бола алады және көптеген жағдайларда көмектесе алатынын түсінді.

Әрі қарай әр топта тәрбиешілер жол қозғалысы ережелері бойынша іс-шаралар жүргізді. Сабақ барысында балалар қойылған сұрақтарға ықыласпен жауап беріп, қуанышпен, ойындар ойнады. Шара соңында балалар жолда жүру ережелерін, жолда өзін-өзі ұстау мәдениетін нығайтуға бағытталған суреттер салды.

Күн «Тірі қала» суреттерінің топтамасымен аяқталды. Балалар өз қиялдарын пайдалана отырып, «Тірі қалада» өз өмірін тапқан қалалық инфрақұрылымның түрлі-түсті нысандарын жасады.

 



Просмотров: 311

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Послание Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева

Директор

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц127
  • За неделю28
  • Вчера1
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки